Дмитрий Медведев Елбасын Nur Otan партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Әңгімелесу барысында таяуда елімізде өткен саяси науқан қорытындысы сөз болды. Дмитрий Медведев Елбасын Nur Otan партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтап, халықтың зор қолдауына ие болғанын атап өтті. «Бұл партияның алға қойған мақсаттары мен стратегиялық бағытының дұрыстығын дәлелдейді», – деді ресейлік саясаткер. Нұрсұлтан Назарбаев құттықтауға алғысын білдіріп, Nur Otan мен «Единая Россия» арасындағы әріптестікті жоғары бағалады және ол Қазақстан – Ресей ынтымақтастығына негізделгенін айтты. Тараптар саяси партиялардың серіктестігін алдағы уақытта да арттыра түсуге уағдаласты.