Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Өткен жылы қаланы дамыту және оның тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау үшін елордаға бір триллион теңгеден астам инвестиция тартылған.
Нұрсұлтан Назарбаевқа білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымдық даму бағытындағы жобалар жайында баяндалды.
Сонымен қатар қала әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдеріне көрсетілген көмек туралы айтып берді.