Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай вакциналауға қатысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі коронавирустық ахуал жайлы айтқан болатын.
Министрдің баяндамасын мұқият тыңдаған Тоқаев жаппай вакцинациялауға дайындық барысын сұрады және соған қатысты тапсырма берді.
«Жалпыға бірдей вакцинация – өте маңызды мәселе. Сондықтан бізге азаматтарды вакцинациялау бойынша пысықталған, егжей-тегжейлі жұмыс жоспары қажет. Вакциянация елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесуі тиіс, бізді алда көп жұмыс күтіп тұр», – деді Қазақстан Президенті.
Толық ақпарат: Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді