Қ. Тоқаев Франция Президентінің атынан ұйымдастырылған мемлекеттік қабылдауға қатысты
Мемлекет басшысының құрметіне орай Франция Президенті Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макронға қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық көрсеткені және достық пейілдері үшін ризашылық білдірді.
Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды.