Қасым-Жомарт Тоқаев Португалияның қайта сайланған Президентін құттықтады
Онда «сайлаудағы жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Португалияның саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі» делінген. Португалия биыл Еуроодақ кеңесіне төрағалық етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалықты толағай табыспен атқаруға тілектестік білдірді. Сондай-ақ: «Алдағы уақытта Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы жан-жақты байланыс өрістей түсетініне сенімдімін», – деді.