ҚР Президенті: Қазақстан мен Өзбекстан сын-қатерлерге орнықты төтеп беріп келеді
Кездесу барысында министр Өзбек Президентінің өтінішін жеткізді. Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласында «Орталық Азия және Оңтүстік Азия: өңірлік өзара байланыстар» атты халықаралық конференция өткізуге Қазақстан Президентінен қолдау көрсетуді сұрапты. Ақордадағы кездесуде елдер арасындағы байланыстарды одан әрі бекемдей түсудің жолдары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиялық ахуал жақсарғаннан кейін Өзбекстан Президентін Қазақстанға сапарлап келуге шақырды.