Президент елорда әкімі А. Көлгіновке вакцина салу ісін қадағалауды тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімін қабылдап, тұрғындарға вакцина салуды уақытылы және жаппай ұйымдастыруды нықтап тапсырды. Алтай Көлгінов Президентке қаладағы халық санының артуына байланысты үшауысымды мектептер мен баспана мәселесі өзекті бола бастағанын айтты. Алайда оны шешуде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке қаланы газдандыру мәселесін шешу, инвестиция тарту мен Жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді жүзеге асыру, шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді.