Президент Қайрат Келімбетовқа ұлттық жобалардың тізімін қарастыру тәртібін пысықтауға қатысты бірқатар тапсырма берді
Кездесуде 21 сәуірде өтетін Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бесінші отырысында талқыланатын мәселелер сөз болды. Жаңадан әзірленіп жатқан «Әлеуметтік кодекс» туралы ақпарат берілді. Агенттік Төрағасының айтуынша, кеңестің алдағы отырысында цифрландыру және агроөнеркәсіп кешенін дамыту салаларындағы бағдарламаларды әзірлеу тәсілдері қаралады.