Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады
«Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ екенін жеткізді. Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында кез келген қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға жететінімізді айтып, Қазақстан халқына зор денсаулық, бақ-береке тіледі.