Елбасы Н. Назарбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
«Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қарулы күштері мемлекет тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды. Бүгінде Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету – абыройлы іс. Әскери форма киген адам – жауапкершілігі жоғары, нағыз патриот. Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да, айбынды армиямыз бар», - делінген құттықтауда. Елбасы Отан қорғаушылар мен барлық қазақстандыққа денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тіледі.