+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

  • Категория: Саясат
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Тұңғыш Президент ұлық мерекенің әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелуін тілеп, ақжарма лебізін жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

 - Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы. Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады. Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.

Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Сондай-ақ...