Қ. Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті
Өйткені сауда-саттықтың бұл түрінде шекара да, шек те болмайды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені күн тәртібіне шығарды. Пандемия кезінде одақ елдерінің сауда-саттығы бәсеңсіп кеткен. Індет салдарынан болған экономикалық тұрақсыздық, қаржы нарығындағы құбылмалы жағдай одақты айналып өтпеді. Локдауннан бөлек кедергілер де жетіп артылады. Осымен үшінші отырыс онлайн форматта өтіп жатыр. «Бестік одақтың» басшылары бір үстелдің басында бетпе-бет жүздеспегеніне жылдан асыпты. Карантинсіз кезеңде жылына кем дегенде екі рет кездесіп отырушы еді. Кеңеске биыл біздің тарап төрағалық етеді. Пандемия болмаса, «Бестік одақ» басшылары бүгін Ақордада бас қосуы тиіс еді. Қонақжай Қазақстанға жолы түспей қалғанына өкініш білдіргендер де болды.
Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президенті:
- Құрметті төрағамыз айтқандай, көрмегелі көп болды, бір-бірімізді тек телеарнадан көргендіктен сағынып қалдық. Қазақстан бұрын қонақжай еді, одаққа төрағалық еткенде қонаққа шақыратын. Қазір неге екені белгісіз, жабылып қалдық, вакцинамыз жақсы, халықты жаппай вакциналап жатырмыз. Бірақ әлі де кездесе алмай келеміз. Осы жылдың қазанында Беларусь астанасы Минскіде өтетін кеңес отырысына шақырамын.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Әріптестерімді біздің қонақжайлығымызға күмән келтірмеуге шақырамын. Бұл кездесуді онлайн өткізу туралы шешім өзара келісіммен қабылданды және барлығыңыз келістіңіздер. Біз одаққа мүше мемлекет басшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдап, осылай жасауға мәжбүр болдық. Жағдайды жеңілдетудің қажеті жоқ, пандемия әлі де бар. Бірлесіп күресуіміз керек.
Бестік одақ бүгінде жаһандағы үлкен нарықтың үштігіне енеді. 180 млн-нан астам тұтынушысы бар. Әлемдік экономиканың даму қарқыны бәсеңдеген қазіргі сәтте бестіктің алыс-берісін азайтпау маңызды болып тұр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы:
- За последние 5 лет объемы взаимной торговли наших стран выросли на 23%, а в 2020 году составили 55 млрд долларов. И это в условиях кризиса мы можем добиться больших результатов. Экономический кризис, вызванный пандемией коронавируса, стал испытанием на прочность для нашего интеграционного объединения. Широкий спектр вопросов выходит на первый план: от обеспечения продовольствием и медикаментами до безопасности цифровой финансовой физической инфраструктуры.
Одақ елдерінің логистикалық тораптардың әлеуетін толық пайдаланғаны маңызды. Өйткені бұл транзиттік маршрут бүкіл Еуропа мен Азиядағы сауда үшін рөлі зор. Мысалы, осы көктемде әлемдегі кеме ең көп өтетін Суэцк каналының бұғатталуы теңіз сауда жолының да осалдығын көрсетіп берді. Сарапшылар кемелер кептелісінен әлем экономикасы күніне он миллиард доллар зиян шеккенін жазып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық маршрутты тиімді пайдалансақ, бүкіл Еуразия континентіндегі елдермен сауда-экономикалық байланысымыз кеңейетінін тағы бір еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Аталған жайт құрлықтағы маршруттардың маңыздылығын дәлелдеді. Еуразия елдері өздерінің транспорттық әлеуетін толығымен іске асыруы керек. Трансшекаралық учаскелер мен транспорттық күре жолдарды үдемелі жаңғыртуды қайталап ұсынамын. Атап айтқанда, Батыс Еуропа – Батыс Қытай бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында құрылысын аяқтау қажет.
Қазақстан қазір Өзбекстанмен бірлесіп Халықаралық сауда-экономикалық орталығын құруға кірісіп кетті. Бұл орталық Батыс Еуропа – Батыс Қытай магистралінің бойында орналасатын болады. Өзара сауданы арттырады, транзит өсімін қамтамасыз етеді деген сенім бар. Қазақстан Президенті одақ аясында сауда-логистикалық жүйе мен көтерме-тарату орталықтарын құру да үлкен маңызға ие деді. Ал ұлттық және одақтық онлайн сауда алаңдарын құру заман талабы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазіргі күні онлайн сауда мемлекеттер арасындағы шекараны жойып, дәстүрлі дүкендерді нарықтан ығыстырып жатыр. Біз де енді ұлттық және одақтық сауда алаңдарын құру керекпіз. Халықтың онлайн саудаға деген сенімін арттыру маңызды. Ол үшін тауарлардың қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді шешіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау керек. Сондай-ақ салықтар мен кедендік баждар төлемдерін реттеу қажет. Сондықтан электрондық сауданы дамыту жөніндегі комиссия осы мәселелердің бәрін ескерсе, тиімді болушы еді.
Қазір кейбір елдер томаға тұйық қалыпқа түсті. Мемлекетаралық қарым-қатынас болмаған соң, сауда да бәсеңдеді, өзара кедергілер де көбейді. Тіпті «бестік одаққа» қырын қарап, бұл елдердің тым тығыз қарым-қатынаста болғанын қаламайтын күштер де бар. Елбасы мұндай күштердің ығына жығылуға болмайтынын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасы:
- Важно ускорить кооперацию в этом направлении, исключить любую возможность дефицита продовольствия, создать условия для развития бизнеса во всем пространстве. Внешние связи реализовать, как мы раньше говорили на наших заседаниях, торговый мост между рынками европейской и азиатской части, нужно подключить Шанхайскую организацию.
Қазір ең алдымен өзара саудадағы кедергіні шешу маңызды. Локдаун кезеңінде олардың саны артып кетті. Мұндай шектеулер сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамуына зиянын тиігізеді.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
- Жаһандық тұрақсыздық кезеңінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы құбылып, жағдайды ушықтырып тұр. Ресей осы мәселені жолға қою туралы бастама көтерді. Серіктестеріміздің бізді қолдағанына ризамыз. Бұл мәселе бойынша нақты шешімдер де бар. Атап айтқанда, жақында Еуразиялық комиссия одақ елдерінің қант нарығындағы баға саясатын шоғырландыру туралы келісімге келді.
Кеңестің келесі отырысы қазан айында өтеді деп күтілуде. Бұл жиын Беларусь астанасы Минскіде өтуі тиіс. Ал Президенттердің онлайн немесе оффлайн кездесуін пандемиялық ахуал шешетін болады.
Авторы: Шынар Асанқызы