Н. Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
Алпауыт компания жаһандық пандемияға қарамастан өткен жылғы жоспардың кейбірін асыра орындаған.
Елбасы компанияның басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа холдингтегі вакцинация қарқыны, жаңадан іске қосылатын зауыттар жайлы да есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының төрағасы:
- Үш жыл қатарынан біз «сенімді серіктес әрі отын жеткізуші» мәртебесін нығайтып, ең ірі табиғи уран сатушы ретіндегі орнын сақтап қалдық. Өткен жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 221 миллиард теңгеге жетті. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңге болды.