Президент Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен кездесті
Мемлекет басшысына Қашағанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту бағытындағы жұмыстар баяндалды. Президент корпорацияның елімізбен серіктeстік орнатқан 28 жыл ішінде Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Америкалық алпауыт компания өкілі де Қазақстанмен ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.