Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті
Елбасының айтуынша, елдер арасындағы тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген ынтымақтастықтың деңгейі жоғары. Бүгінде Қазақстан мен Армения арасында шешілмеген мәселе жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев былтыр қарашада Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары қол жеткізген келісім Ереван мен Баку арасындағы даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Ал Армения Президенті Қазақстан мен оның халқын бейбітсүйгіштігі және бауырмалдығы үшін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Армен Саркисян, Армения Республикасының Президенті:
- Біздің қарым-қатынасымыз өте мейірімді және жақын. Бұл жай сөздер емес. Көп жыл бойы Қазақстанда армян қауымдастығы қауіпсіздікте өмір сүріп келеді. Біздің достығымыз Армения Республикасы үшін де, бүкіл армян ұлты үшін де өте маңызды.