+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Өзбекстанға барды

  • Категория: Саясат
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Өзбекстанға барды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ресми сапармен Өзбекстанға барды.

Жоғарғы Палата спикері Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Арал теңізін құтқару жөніндегі бірлескен жұмыстар мен оның эко жүйесін сақтап қалу сияқты мәселелерді талқылады. Екі мемлекет үшін де экология мәселесі өзекті. Осы ретте қос елдің Сенаттары арасында арнайы Ынтымақтастық жөніндегі комиссия құрылғанын айта кету керек. Мәулен Әшімбаевтың сапары аясында комиссия жұмысын бастады. Отырыс барысында тараптар 2021-2022 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

 - Сауданың, өзара инвестицияның, өнеркәсіптік кооперацияның үлкен көлемі дәл біздің облыстарға тиесілі. Өңіраралық ынтымақтастықты қолдау мақсатымен өңірлерде қазақстандық және өзбекстандық сенаторлардың кездесулерін өткізуді ұсынамыз. Оған жергілікті өкілді органдар депутаттарының да қатысуы маңызды.

Сондай-ақ...