Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Түрікменстанға барады
Президент шақыруды қабыл алып, биыл күзде Ашхабадта өтетін 6-шы Каспий саммитіне қатысуға дайын екенін жеткізді. Аталған сапар аясында бірқатар маңызды келісімге қол қойылмақ. Сонымен қатар тараптар өңірлік ықпалдастықты жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты алдағы ұжымдық шаралар жайында пікір алысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентінің Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуін Түрікменстанда өткізу жөніндегі ұсынысын қолдады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті әріптесін туған күнімен құттықтап, Түркіменстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.