Президент Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті
Әрі мұны тарихи оқиғаға балады. Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды. Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Баршаңызға табыс тілеймін. Бұл – үлкен жауапкершілік. Мақсатымыз кең ауқымды әрі күрделі. Сондықтан сіздердің үлестеріңіз өте маңызды. Қазақстан озық мемлекет болуы керек. Қазіргі ахуалды жақсы білесіздер, оңай емес. Сол себепті бір ел, бір ұлт болып, бәріміз еліміз үшін жұмыс істеуіміз керек.