Мемлекет басшысы Алматыны абаттандыру жоспарымен танысты
Бұл жоба тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, жаңа демалыс орындарын құруға арналған. Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Қасым-Жомарт Тоқаев әр аудандағы тұрғындардың демалысы мен еркін қозғалысын қамтитын қолайлы әрі заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.