Қ. Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Джозеф Байден құттықтау хат жолдады
- Категория: Саясат

АҚШ Президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай құттықтауын жеткізді.
Ақ үй басшысы қауіп-қатерлерді бірлесіп азайтуға бағытталған бағдарлама аясында кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны жою жолында Қазақстан мен АҚШ-тың бірігіп жұмыс атқарғанын еске алып, екі елдің достығын атап өтті. «Америка Құрама Штаттары Сіздің еліңізді дос деп мақтанышпен айтады және мен серіктестігіміздің әлеуетін толық әрі жемісті іске асыру үшін Сізбен жұмыс істеуге дайынмын», – деп жазды АҚШ Президенті.