Қасым-Жомарт Тоқаевқа Цифрлық үкімет офисі таныстырылды
Президентке Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Цифрлық үкімет офисінің міндеттері туралы баяндады. Бағдат Мусиннің сөзінше, жоба аясында барлық саланы автоматтандыру көзделген. Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі ел Президентіне талдау платформасын таныстырды. Мұның артықшылығы: азық-түлік бағасын онлайн бақылауға және болжауға болады. Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында IT-саланы дамытуға ден қою керек деген еді.