Қасым-Жомарт Тоқаев Svevind Group компаниясының президенті Вольфганг Кроппты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Svevind Group» компаниясының президенті Вольфганг Кроппты қабылдап, осы саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сөйлесті. Сондай-ақ жел генераторлары мен күн энергиясын өндіретін панельдерді Қазақстанда шығару жайын да талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның инвестициялық ұсыныстарын оң бағалап, мемлекет тарапынан қолдау көрсететінін айтты.
Ал Германияның Linde Group компаниясының вице-президенті Оливер Пфанн газ-химия саласындағы серіктестікті жалғастыруға ниетті. Компания былтыр Теміртауда оттегі, азот және аргон өндіретін ірі жобаның екінші кезеңін іске асырған. Мемлекет басшысы мұның Қазақстан экономикасына үлесі жоғары екенін айтып, мемлекеттен қолдау көрсететінін жеткізді.
Сондай-ақ Ақордаға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов та келді. Президент қабылдауында болған ол агроөнеркәсіп секторындағы субсидиялауға қатысты тергеу нәтижелері туралы ақпар берді. Жиі кездесетін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жетілдіру туралы да сөйлесті.