Президент Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының сессия отырысына қатысады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Сессия жұмысына Қазақстанмен қатар, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей басшылары қатысады. Күн тәртібінде қауіпсіздік және өңірлік тұрақтылық мәселелері талқыланады. Тәжікстан – биыл Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымына төраға. Келер жылы бұл міндет Арменияға тапсырылады. Осы тұрғыда алдағы ауқымды міндеттер айқындалады. Жиын қорытындысында өзекті мәселелердің шешімін қамтитын Душанбе декларациясы қабылданады.
Айта кетейік, Тәжікстан астанасында Ұжымдық қауіпсіздік және шарт ұйымының сессиясымен бірге Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл жолғы жиын мерейтойлық. Ұйымның құрылғанына 20 жыл. Бұл саммит қыркүйектің 17-сі өтеді және оған барлық мүше мемлекет басшысы шақырылған. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездеу өткізеді.