Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
Алаңдауға негіз бар, соның негізгісі – Ауғанстандағы ахуал. Орталық Азия алаңдап отыр. Бұл елде билік ауысқанымен бүлік басылмайтын секілді. Ауғанстан экстремизм мен терроризмнің ошағына айналса, бұл топан күшке төтеп беру қиын. Ауғаннан ауар қауіп барда, елдің қорғанысын мықтау қажет. «Қазақстандық армия мұндай сын-қатерге барлық жағынан дайын болуы керек», - деді Елбасы.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бірқатар сала басшысы баяндама жасады. Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырма берді. Елбасы ел қауіпсіздігін қорғауда бәрінің де маңызды екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау жүйесіндегі реформалар да, қоғамдағы ымыра мен келісім де, халықтың әл-ауқаты да елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі факторы деп санайды.