Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті
Елбасы бұл жиын парламентаралық қарым-қатынасымыздың дамуына серпін беретініне сенім білдірді.
Сагиба Гафарова, Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері:
- Жұмыс күніңіз қарбалас болғанына қарамастан, менімен кездесуге уақыт тапқаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің халықтар арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр. Бізді жақындастыратын дүниелер көп, ол – түркі әлемі, дәстүріміз, мәдениетіміз. Бұған Түркістан қаласына барғанда көз жеткіздім. Ал елорданы көргенде, баршамыз таңғалдық. Жаңадан қала салу үшін саяси ерік-жігер ғана емес, Сіз сияқты өз елінің патриотына тән үлкен жүрек те керек.