ҚР Президенті Еуропалық Одақ делегациясымен кездесті
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимылдардың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы делегацияға еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты. ЕуроОдақтың Адам құқықтары жөніндегі арнаулы өкілінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты байланыстарды дамытуда маңызды кезең болмақ.