Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Тараптар 30-шы қыркүйекте өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумының қорытындысына оң баға берді.