Президент елдегі жанармай қорының азаюына жол бермеу керек екенін айтты
Мемлекет басшысы еліміздегі жанар-жағармай қорының бірден азайып кетуіне жол бермеу қажет екенін айтып, ішкі нарықтағы жағдайды бақылаудан шығарып алған ведомстволардың жұмысын сынға алды. Мемлекет басшысына цифрлық майнинг саласын бақылау үшін қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, қажет болған жағдайда, басқа да құзырлы органдарды тарта отырып, аталған жұмыстарды жылдамдатуды, сондай-ақ майнингті заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесін кейінге қалдырмауды тапсырды.