Асқар Мамин Мемлекет басшысына елдегі тауар бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды баяндады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Инвестиция тарту, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде де есеп берілді.
Үкімет басшысы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы кезінде атқарылған жұмысқа да тоқталды. Атап айтқанда, саудадағы кедергілерді жою, кооперацияны дамыту мәселесіне баса мән берілді. Нәтижесінде, одақ елдерінің тауар айналымы жыл басынан бері 32,5% артты.