Алтай Көлгінов Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді
Бұл туралы Президент қабылдауында болған қала әкімі айтты. Алтай Көлгінов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді.
Президентке әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, газбен қамту, инвестиция тарту, үлескерлік құрылыс нысандарын салуды аяқтау жұмыстары жөнінде баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.