Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: Желтоқсан қаһармандарының ерлігі ұлт тарихы мен жадында мәңгілік сақталады

Биыл әйгілі «Желтоқсан» оқиғасына 35 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасында Желтоқсан қаһармандарының ерлігі ұлт тарихы мен жадында мәңгілік сақталатынын жазды. «Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», – делінген жазбада.