Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті. Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.