Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің 29 техникасы зақымданып, 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен. Бұл жайында бүгін президенттің қабылдауында болған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев сала басшысына жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып, хабарлама жіберу арқылы, тұрғындарға уақытылы ақпарат беріп отыруды тапсырды.