Еліміздің Қарулы Күштері қазір блокбекеттердегі жұмысын күшейтті
Қазір сарбаздар Алматыдағы Халықаралық әуежайда да тиісті жұмыстарын атқаруда. Олар жолаушылардың билеттері мен құжаттарын тексере отырып, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз етуде.
Ал Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерінің штабы төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды үйлестіруде. ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіровтың айтуынша, бүлікшілер өз бақылауына алмақ болған аудандарда блокбекеттер орнатып, адамдардың құжаттарын тексеріп жатыр.
Қаныш Әбубәкіров, ҚР ҚК Құрлық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары:
- Барлығы түгел жергілікті адамдарды өз жұмыстарымен ары қарай жіберіп жатыр. Көптеген адамдар құжатсыз жүр. Соларды ұстап, осы штабқа хабарлайды, біз оны басқа құқық қорғау органдарына хабарлаймыз. Олар ол жерден ары қарай тергеуге алып кетіп жатыр.