Ә. Смайылов: азаматтардың өтініші жедел шешілуі керек
Елде жаппай тәртіпсіздік кезінде күштік құрылымдардың қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Сондай-ақ Үкіметтің төтенше резервінен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерін жарақтандыруға қажетті қаражат бөлінді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің міндетін атқарушы:
- Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру нәтижесінде полиция мен әскери қызметшілер өмірден озды. Біз олардың ҚР Конституциялық құрылысын сақтау жолындағы ерліктерін мақтан тұтамыз. Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Қаза болғандардың отбасына көңіл айтамын.