Хабар телеарнасы

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды», делінген хабарламада. Жиынды Хабар телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алда бастан өткерген қайғыдан сабақ алатын кезең күтіп тұр. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тұрғына да мұқият қарау қажет. Мен 11-ші қаңтар күні Мәжілісте нақты қадамдарды атап көрсетемін. Ал Үкімет осы міндеттерді орындау үшін тиісті шешімдерді қабылдау тиіс. Ал қазір мен Қазақстан халқымен мақтан тұтатынымды айтқым келеді. Түрлі арандатушылыққа қарамастан жат ағым жетегінде кетпей сабырлық сақтап, елдегі ахуалды тұрақтандыруға атсалысқандарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін.