Мемлекет басшысы бірқатар қабылдау өткізді
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жұмыспен қамту үшін өндіріс орындарын ашу керек», – деді. Құрылыс саласын дамытып, оны монополиядан тазарту, инвестиция тарту, өнеркәсіп орындарын ашып, көлік әлеуетін күшейтуді тапсырды. «Транзиттік тасымал әлеуетін арттыру, өнеркәсіп, көлік пен құрылыс салаларын цифрландыруға баса назар аудару қажет», – деді.
Президент қабылдауында Денсаулық сақтау министрі де болды. Ажар Ғинияттың айтуынша, қаңтарда ковид тәулігіне 16,5 мың адамда анықталса, бүгінде 1,5 мыңдай науқас тіркелген. Қазір елдегі эпидахуал тұрақты. Стационарлардың 20% толған. Министр саланы жетілдіру жайлы да айтты. Негізгі жоспар – алғашқы медициналық көмек пен аймақтардағы медициналық қызмет сапасын арттыру. Биыл «Балалар жылы» болып жарияланғандықтан, олардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Мәселен, мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады.