Қ. Тоқаев: Қазақстанда 90-жылдардағыдай трансформация жүріп жатыр
Президент қаңтар қырғынынан кейін Қазақстанға ақша құйған кей инвесторлардың дел-сал күйге түсіп қалғанын жасырмады. «Оларды қазір «алда не болады?» деген сауал мазалап отыр», - деді. Алайда Мемлекет басшысы қаржыгерлердің алаңдауына еш негіз жоқ екенін жеткізді. Қазақстан қайткен күнде де инвесторлардың құқығын қорғамақ. Сондықтан олар қорықпай біздің елде өз жобаларын жүзеге асыра алады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстанда тап қазір 90-жылдардағыдай трансформация жүріп жатыр. Қаңтар айында Парламентте өткен жиында алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап едік. Заң үстемдігі сақталады. Жаңа бағыттың негізі де осы. Қазақстанның экономикасы енді әдемі сандармен, жоғары рейтингпен өлшенбейді. Халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған кезде ғана, ел экономикасы дамыды деп айта аламыз.