Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов пен Қанат Шарлапаевты қабылдады
Өз есебінде агенттік басшысы биылғы жұмыс нәтижесі және қоғамда резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу барысын баяндады.
Алдын ала ақпарға сай, екі айда 240 адам жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген. Оның 40-ы – республикалық және облыстық деңгейдегі мекеме жетекшісі. Арасында бір вице-министр, бір қала әкімі және 11 облыстық басқарма басшысы бар.
Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5,4 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Кездесу соңында мемлекет басшысы Бектеновке бірқатар тапсырма берді.
130 мыңға жуық отбасы баспаналы болып, тұрғын үй жағдайын жақсартқан. Бұл жайлы Президент қабылдауында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы мәлімдеді.
1 қаңтардағы жағдайға сай, 458 мың салымшы 3 триллион теңгеге жуық біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланған. Былтыр «Бәйтерек холдингінен» 37 ірі жобаға 533 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар 57 мың шағын және орта бизнес субъектісіне 2,2 триллион теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.
Бұдан бөлек, Қанат Шарлапаев микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін пәтер жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі биылғы жоспары туралы мәлімет берді. Кездесуде жұмыс орындарын ашуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының мәселесі де талқыланды.