16 наурызда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Бұл жайында оның баспасөз-хатшысы Берік Уәли хабарлады. Президент бұл жолғы Жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» Тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.