Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы облысының губернаторы Александр Бурковты қабылдады
Алдағы уақытта көрші елдің осы облысы мен еліміздің бірқатар өңірі сауда, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салаларында өзара тиімді ынтымақтастық орнатпақ.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омбы облысының губернаторы Александр Бурковтың кездесуінде айтылды. Президент өз сөзінде қазақ халқы көп тұратын шекаралас аймақтың маңызы зор екенін ерекше атап өтті.