Мемлекеттік күзет қызметіне 30 жыл толды
Жалпы мемлекеттік күзет қызметкерлері өзге ел президенттері келген шараларға қатысып, мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сол себепті элиталы құрамға тек күрделі іріктеуден, мықты дайындықтан өткен сарбаздар ғана алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі шиеленісті геосаяси жағдайда Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің аса маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл құрылым ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқарады. Сіздерге айрықша жауапкершілік жүктелген. Ел басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық нысандарды, сондай-ақ шетелден келген мәртебелі меймандарды қорғау оңай жұмыс емес. Сіздер осы міндетті абыроймен атқарып келесіздер. Бұл 30 жыл ішінде қалыптасқан игі дәстүр сабақтастық екені сөзсіз.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда І және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендері, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары табысталып, Президенттің алғысы жарияланды.