Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы атап өтілетінін айтты. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Польша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Сондай-ақ тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ықпалдастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.