Үнзила Шапақ: Адамның конституциялық қорғалу деңгейі өсті
Конституциялық сот құрылған жағдайда халыққа не береді? Қоғамда Конституциялық сотқа деген сұраныс қаншалықты мол?
Референдум қарсаңында Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың ішіндегі ең басты мәселе – адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілінің жоғарылауы. Президентіміз әрқашан өз сөзінде айтып отырды: «Президент болған күннен бастап мен азаматтардың конституциялық құқығының кепілі болып табыламын» деді. Соның бірі – азаматтардың Конституциялық сотқа жүгіну құқығының берілуі. Біріншіден, Конституциялық сот құрылады. Егер де референдум сәтті аяқталатын болса, өзгерістер мен толықтыруларды халық толық қолдайты болса, бұл жағдайда Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады, яғни Коституциялық сот құрылады. Басты функцияларына тоқталатын болсақ, оның 15 атқаратын функциясы бар. Сондай-ақ функциялар бойынша жүгінетін тұлғалар бар. Осы жүгінетін тұлғалар кеңейтіліп, қосымша 3 тұлға қосылды: Бас прокурор, адам құқығы жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының барлық азаматы, яғни 19 миллион адам.
Кез келген азамат өзінің құқығына нұқсан келіп тұрғанын, құқығының бұзылып тұрғанын заң жүзінде көріп тұрса, Конституциялық сотқа жүгіне алады.
Конституциялық сотқа қандай жағдайда жүгінеді?
Кез келген азамат соттың барлық инстанциясына жүгініп, яғни алдымен аудандық, қалалық, облыстық сотқа барады, сосын Жоғарғы сотқа жетеді. Дегенмен өзінің көздеген құқығына қол жеткізе алмай тұр. Осы жағдайда логикалық сұрақ туындайды: мәселе заңның өзінде емес пе? «Заңгерлер, мықты біліктілер мені қарап отыр, бірақ құқығым бұзылып тұр ғой» деген жағдайда, Конституциялық сотқа бару керек.
«Мына заңда тұрған норма менің көздеген құқығыма нұқсан келтіріп тұр. Бұл заңның осы нормасы Конституцияға сәйкес келе ме? Конституцияда не бар? Басты құндылық – теңдік, әділдік және еркіндік бар. Осы менің теңдігіме, еркіндігіме, әділдігіме зиян келіп тұрған сияқты. Осыны Конституцияда көрсетілген нормаларға сәйкестігін қарап беріңізші» деп жүгіне алады.
Екіншіден, ол бірінші инстанцияға жүгінді. Шешім оның тарапына шешілген жоқ. Дегенмен практика бар, жанында жүрген мықты әрі білікті заңгерлер бар. Олар айтады: «Иә, әрі қарай жүгінгенмен де, сенің құқығың қалпына келмейді. Себебі заңда солай көрсетілген. Қай инстанцияа барсаң да, мына заңда көрсетілгендей шешіледі». Міне, осы жағдайда тағы да Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. Бұл туралы заңда барлығы жазылады.
Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін Конституциялық сот туралы заң шығады. Қазір заң жобасы, концепциясы талқыланып жатыр. Әрі қарай халыққа да береді, осының ішінде жазылады. Бұл – алдағы уақыттың жұмысы.
Конституцияның 33 бабына енгізілетін 56 түзету бір-бірімен байланысты және бір мақсатты көздейді. Сұрақ оларды бөліп қарастыруға болмайды дегеннен туып отыр ма?
Жалпы оны бөліп-бөліп қарастыруға да болады. Бірақ қаншалықты ол тиімді? 33 рет дауыс беріп жүрген қандай? Жоқ, оның барлығы бір-біріне байланысты болғандықтан бірдей қаралу керек. Өлім туралы жазаны алып тастау, адам құқығы ең жоғары екендігі көрсетілді, Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берілді. Сонымен қатар адам құқығы жөніндегі уәкіл берілді. Демек, адамның конституциялық қорғалу деңгейі өсті. Міне, осының барлығы келіп тұр. Соған бір рет қана барып, толық түсніп, «иә» немесе «жоқ» деген жауап берген дұрыс.