Берік Уәли: Конституциялық реформа асығыс қабылданған шешім емес
Берік Уәли, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:
- Телемарафон еліміздегі ең үлкен саяси науқан – республикалық референдумның маңыздылығы жайлы халыққа көбірек ақпарат беруді көздейді. Конституциялық реформа – жаңа Қазақстанды бірге құруға бағытталған үлкен бастама.
Сондай-ақ Берік Уәли Amanat партиясының республикалық штабының мүшесі ретінде өңірлерді аралап келді.
Берік Уәли, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:
- Шымкент, Тараз, Өскемен мен Семейге барып келдік. Жастармен, еңбек ұжымдарымен кездесу өткіздік. Барлығының қызығушылығы жоғары, сұрақтары көп. Себебі республикалық референдум 1995 жылдан бері небәрі екінші рет өткізіліп жатыр. Нәтижесінде Конституцияның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бірақ бұл бір айдың ішінде жүзеге асырылғалы жатқан асығыс реформа емес. Кезең-кезеңімен, сатылай келген өзгеріс.