Референдумға 11 млн астам қазақстандық қатыса алады
Бұл туралы орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары мәлімдеді.
Константин Петровтың сөзінше, жоғарыда айтылған қазақстандықтардың жартысынан сәл көбі «мақұлдап» дауыс берсе, онда Конституцияға өзгеріс енгізіледі. Қазіргі таңда ел аумағындағы 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі референдумге тас-түйін дайын. Сондай-ақ референдум күні 52 елде жүрген 11 мыңнан астам қазақстандық үшін 65 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Тағы бір маңызды ақпарат. 3 мамыр күні түнде референдумды насихаттау тоқтайды. Сағат 24:00-ден ары қарай «тыныштық» күні басталады. Орталық референдум комиссиясының төрағасы осылай деді. Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, талапты бұзғандар анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- «Тыныштық күні» және референдум күні үгітке байланысты кез келген әрекетке тыйым салынады. Ол жөнінде жаңа баянадамашылар толыққанды айтып берді. Бұл үшін заңмен құқықтық жауапкершілік қарастырылғанын да айтты. Осыны ескерулеріңізді сұраймыз.