Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға шолу
Құжаттың кей тұстарын тағы бір шолып шықсақ. Сонымен «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару бөлімінің» 87-бабында аз-кем толықтыру бар. Атап айтқанда, 4-тармақта Президенттің екі кандидатураны ұсына алатыны жайлы өзгеріс енгізу ұсынылған. Мәслихат депутаттарының ең көп дауысын алған кандидат олардың келісімін алды деп есептелетін болады.
Сондай-ақ аталған тармақтың толықтырылған тұсы да бар. Нақтырақ айтар болсақ, Президент өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорда әкiмдерiн қызметтен босатуға құқылы делінген. Ал 5-тармақта мәслихат депутаттарының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде республика Президентіне не өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне қатысты мәселе қоюға болатыны айтылған.