Асхат Оралов: алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр
Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы брифинг барысында мәлімдеді. Асхат Ораловтың айтуынша, партияның 28 мыңға жуық өкілі барлық өңірде дауыс берудің әділ өтуін бақылаған. Референдум талаптары заңға сай орындалды. Сонымен қатар брифингте Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, ақпараттық түсіндіру науқанының нәтижелері туралы айтты.
Павел Казанцев: «Депутаттардың алдында заң шығарушылық қызмет бойынша ауқымды жұмыс тұр», – дейді.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы:
- Барлық кездесулер еркін, ашық форматта жасалды. Біз олардың санына емес, сапасына мән бердік. Конституциялық өзгерістерді халыққа түсінікті тілмен жеткізуге тырыстық. Азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ даму жолына қатысты шешім қабылдады. Осы арқылы еліміз Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр.