Ермұхамет Ертісбаев: Ел активі қайтадан олигархтарға оралмауы керек
«Енді әділетті Қазақстанның берік конституциялық іргетасы қаланды деуге болады», – дейді Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев. Ол «Жер және жер қойнауы халыққа тиесілі» деген конституциялық норманы іске асыру жөніндегі халық заңын, жариялы түрде әзірлеудің басталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар партия көшбасшысы Үкіметтен мемлекеттік компанияларды жекешелендіруді тоқтатуды талап етуде. Бұған қоса, шетелге заңсыз шығарылған қаражатты мемлекетке қайтару қажет екенін алға тартты.
Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы:
- Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты және жаңа заң әзірленгенге дейін біз Үкіметтен мемлекеттік компанияларды жекешелендіруді тоқтатуды талап етеміз. Биыл және алдағы жылдары «ҚазМұнайГаз», Air Astana, «ҚазақГаз» және т.б. қоса алғанда «Самұрық-Қазына» қоры шамамен 40 кәсіпорынды жекешелендіруді жоспарлап отыр. Дәл қазір бұл артық шығынға батырады. Ел активі қайтадан олигархтарға оралмауы керек.