Наталья Годунова мен Ғалымжан Пірматов Президентке есеп берді
Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылған. Сондай-ақ Ұлттық қордан әр түрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына қатысты да талдау жасалған. Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.
Сондай-ақ Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы ақша-несие саясатының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Бұған қоса сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияға қатысты болжам және оның қарқыны, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-несие саясатын тиімді жүзеге асыруға, инфляцияны ұстап тұруға және қор нарығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.